Пионер ауылдық округінің аумағында жалғыз тұратын зейнеткерлер мен көпбалалы отбасыларға профилактикалық рейд жүргізілді.
№17 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері әкімдік өкілдерімен бірлесіп тұрғындарды аралап, жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіріп, пешпен жылыту ережелерін сақтау қажеттігін еске салды. Кездесу барысында пешті қауіпсіз пайдалану және төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі ұсынымдар қамтылған ақпараттық парақшалар таратылды.