2026 жылғы 16 ақпанда Пионер ауылдық округі аумағында, Пионерское ауылының СДК ғимаратында Осакаров ауданының полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Жұмағазиев А.О.-мен кездесу өтті.
Кездесу барысында 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді. Жедел-қызметтік қызметтің негізгі көрсеткіштері, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау бағытындағы шаралар айтылды.
Округ тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өзекті мәселелер бойынша түсіндірмелер алды. Кездесу ашық диалог форматында өтті.