Профилактикалық әңгіме

Профилактикалық әңгіме

Пионер ауылдық округінің аумағында №3 орта мектептің оқушыларымен алкоголь өнімдерін теріс пайдалануның зияны мен салдарына арналған профилактикалық кездесу өтті.
Кездесу барысында оқушыларға алкогольді тұтынудың қауіптілігі, оның денсаулыққа, мінез-құлыққа және жастардың болашағына тигізетін теріс әсері түсіндірілді. Сонымен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және заңнама талаптарын сақтауға ерекше назар аударылды.