Құқық кабинетінің

Құқық кабинетінің

2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 899 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген 2024–2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қарағанды облысы Осакаров ауданы Пионер ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратында (мекенжайы: Пионер ауылы, Орталық көшесі, 34-үй) «Құқық кабинеті» жұмыс істейді.

«Құқық кабинетінде» интернет желісіне қосылған компьютер орнатылған. Ауыл тұрғындары қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен және басқа да құқықтық ақпаратпен танысу үшін осы техниканы пайдалана алады.

«Құқық кабинетінің» жұмысына қатысты сұрақтар бойынша келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 (72149) 3-42-35.