
Пионер ауылдық округі аумағында жоғарғы сынып оқушыларымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шарасы өткізілді. Кездесу барысында жасөспірімдерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидалары, жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілік, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.