Пионер ауылдық округі аумағында халық арасында адам саудасының алдын алу және азаматтардың қауіпсіздік шаралары туралы хабардарлығын арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында тұрғындарға мұндай қылмыстардың белгілері мен қауіп-қатері түсіндіріліп, өз құқықтарын қорғау тәсілдері мен төтенше жағдайларда көмекке жүгіну мүмкіндіктері туралы мәлімет берілді.