Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті ауарайы өзгерістерін бақылап, сақ болуға шақырады. Желдің күшеюі кезінде тұрғындарға келесі қауіпсіздік шараларын қабылдау қажет:
‼️электр желісін шамадан тыс артық жүктемеңіздер;
‼️мүмкіндігінше далаға шықпай, ғимарат ішінде болыңыздар;
‼️балаларды ерекше бақылауға алып, оларды қараусыз қалдырмаңыздар;
‼️егер далада қатты желге тап болсаңыз, жақын маңдағы подъезде немесе дүкенді паналаңыздар;
‼️қатты жел кезінде үйлердің қабырғаларының жанына жақындауға болмайды, себебі шатырдан шифер және басқа да төбе материалдары құлауы мүмкін;
‼️қоғамдық көлікаял дамаларында, жарнама тақталарының астында, ағаштардың астында, аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды;
‼️қатты жел кезінде электр желілері астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау өлімге әкелуі мүмкін;
‼️жеке көлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады;
✅ Сақ болыңыздар және құтқару қызметінің бірегей телефоны – «112»-ні ұмытпаңыздар.