Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру шеңберінде, 2025 жылғы 15 сәуірде округ әкімі тұрғындармен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әркімнің жауапкершілігі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрісін өткізді.
Дәріс барысында округ әкімі қоғамда сыбайлас жемқорлықты қабылдамау мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік органдардың қызметінде ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар туралы айтып өтті.