
21 қаңтарда әкім аппаратының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қызметтік кеңес өткізілді.
Белгіленген шектеулерді сақтамаудың құқықтық салдарын , соның ішінде тәртіптік шараларды,теріс себептермен жұмыстан шығрауды,сондай-ақ заңмен белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметке орналасуға шектеулерді түсіндіруге ерекше назар аударылды.
Қызметкерлерге қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтау қажеттілігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жеке жауапкершілік туралы хабарланды. Кеңес қорытындысы бойынша келіп түскен сұрақтарға жауаптар берілді.