Николаев ауылдық округінде әкім аппараты қызметкерлерінің қатысуымен "Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар"тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың түрлерін, жауапкершілік шараларын, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің күнделікті жұмысында әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтаудың маңыздылығын талқылады. Іс-шараның мақсаты-құқықтық сауаттылықты арттыру және Мемлекеттік қызмет саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.