Николаев ауылдық округінде кәсіпкерлік субъектілері арасында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алуға бағытталған профилактикалық акция өткізілді.
Іс-шара барысында кәсіпкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы ақпараттық материалдар таратылып, қолданыстағы заңнама мен жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Акцияның мақсаты – кәсіпкерлік ортада сыбайлас жемқорлықты қабылдамау мәдениетін қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру.