2025 жылғы маусымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту жөніндегі іс-шаралар

2025 жылғы маусымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту жөніндегі іс-шаралар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыру аясында округ әкімі білім беру саласының қызметкерлеріне "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл факторлары мен шарттары"тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында сыбайлас жемқорлықтың негізгі себептері мен нысандары қарастырылып, оның таралуына ықпал ететін негізгі факторлар анықталды. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне тиімді қарсы іс-қимыл жасау үшін қажетті жағдайларға: мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығына, азаматтық қатысуға, құқықтық ағартуға және жазаның бұлтартпастығына ерекше назар аударылды.

Әкім тыңдаушылардың назарын қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуының негізі ретінде сыбайлас жемқорлықтан бас тарту мәдениетін қалыптастырудың, заңдылықты нығайтудың және әрбір азаматтың құқықтық санасын арттырудың маңыздылығына аударды.