«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі ерекше қорғалатын табиғи аумақ (ЕҚТА) ретінде 2011 жылғы 11 наурызда құрылды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 247 қаулысы).
Қазіргі уақытта «Бұйратау» МҰТП» РММ ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің құзырында, оның қызметін бақылауды Ақмола және Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциялары жүзеге асырады. Қазақстандағы он екінші ұлттық парк болып саналады.
«Бұйратау» ұлттық паркі орташа құрғақ және құрғақ дала белдеулері арасындағы өтпелі белдеуде орналасқан, бұл дала экожүйелерінің орманмен (қайың шоқтары, қара қандыағаш) үйлесімінде аумақтың бірегейлігін анықтайды. «Бұйратау» ұлттық табиғи паркінің аумағы екі облыстың – Ақмола облысының оңтүстік-шығысы мен Қарағанды облысының солтүстік-шығысының түйіскен жерінде орналасқан. Екі филиалдан тұрады – «Ерейментау» (60814 га) және «Белодымовский» (28154 га). Ұлттық парктің жалпы ауданы 88 968 га. Парктің айналасында 88 064 га қорғау аймағы құрылды. Орталық кеңсе Қарағанды облысының Молодежный кентінде орналасқан. Мекеменің белгіленген штаты -91 бірлік, техникалық персонал – 92 бірлік.
Парктегі ғылыми жұмыс парк құрылған сәттен бастап жүзеге асырылады және ғылыми қызметкерлермен бекітілген ҒЗЖ жоспарлары бойынша, бөгде ұйымдардың мамандарын тарта отырып орындалады:
Парктің алғашқы құрылған күндерінен бастап «Бұйратау» МҰТП» РММ мен «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті» арасында ғылыми ынтымақтастық туралы шарттар жасалды, ол бүгінгі күнге дейін қолданыста.
Сондай-ақ «Болашақ» академиясы» ЖМ және «Бұйратау» МҰТП» арасында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен келісілген ғылыми ынтымақтастық туралы шарт қолданылады.
2023 жылы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің келісімі бойынша «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті (Ресей Федерациясы) арасында өзара түсіністік туралы Меморандум жасалды.
Он үш жылдық зерттеу барысында әртүрлі ғылыми басылымдарда, конференцияның халықаралық материалдарында парктің ғылыми қызметкерлері 90-нан астам ғылыми мақалалар жариялады. Жыл сайын парктің ғылыми қызметкерлері кемінде 5 ғылыми мақала жариялайды.
2018 жылы «Бұйратау» МҰТП» РММ-нің алғашқы «Ғылыми еңбектер жинағы» жарық көрді. Бұның бәрі бірінші рет жасалғандықтан және бұл парктің ғылыми бөлімінің қызметіндегі маңызды жетістік болғандықтан, бұл өте жауапты және қажырлы жұмыс болды.
2021 жылы «Бұйратау» МҰТП 10 жылдығына арналған Республикалық сырттай ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді, сондай-ақ «Бұйратау» МҰТП» РММ биоалуантүрліліктің қазіргі жағдайы және оның экотуризмдегі рөлі» атты Ғылыми материалдар жинағы жарық көрді.
Ұлттық аумақта жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде 2012 жылдан 2018 жылға дейін құстардың 124 түрі көзбен шолу арқылы анықталды; 2019 жылы - 154 түрі; 2020 жылы - 5 түрі; 2021 жылы - 12 түрі; 2022 жылы - 9 түрі, оның ішінде құстардың 2 түрі ҚР Қызыл кітабына енгізілген; 2023 жылы - 7 түрі; 2024 жылы - 8 түрі және олардың біреуі Қызыл кітапқа енген түр. Орнитофаунаның таксономиялық тізімі 197 құсты құрайды, оның 23-і ҚР Қызыл кітабына енгізілген.
2024 жылы далалық экспедициялар кезінде паркта сүтқоректілердің екі жаңа түрі табылды. Қазіргі уақытта сүтқоректілердің жалпы саны жануарлардың 57 түрін құрайды.
Бауырымен жорғалаушылардың да 2 жаңа түрі табылды. Бауырымен жорғалаушылар саны 5 түрге дейін өсті.
Ботаникалық экспедициялардың қорытындысы бойынша 2012 жылы өсімдіктердің 128 түрі жиналып, анықталды; 2013 жылы - 498 түрі; 2015 жылы - 2 түрі; 2016 жылы - 2 түрі. Өз зерттеулерінің нәтижелері бойынша зерттелетін аумақта тамырлы өсімдіктердің 610 түрі табылды және анықталды.
Туризм және экологиялық ағарту бөлімі «Соколиные горы» учаскесінде Ақмола облысының экскурсия жүргізушілері мен туроператорларын тарта отырып, ақпараттық тур өткізді. Инфотур Ақмола облысының туризм басқармасы жанындағы Visit Aqmola қолдауымен өткізілді.
«AT-TRAVEL» ат туризм федерациясы жыл сайын МҰТП аумағында ат турларын өткізеді, онда шетелдік туристер де болады.
Молодежный кентінің МҰТП орталық кеңсесінде ЕҚТА экологиялық-ағарту жұмысының дәстүрлі бағытын дамыту мақсатында табиғат мұражайы құрылды, ол «Бұйратау» МҰТП табиғи-қорық қоры объектілері мен ландшафттарының фото иллюстрациялары бар стендтермен жабдықталған.