«E-SALYQ AZAMAT» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ

«E-SALYQ AZAMAT» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ

«E-SALYQ AZAMAT» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ

«E-salyq Azamat» - бұл электронды салық әмиянының функцияларын орындайтын мобильді қосымша. Бұл бағдарлама азаматтарды бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы хабардар ету және оларды төлеуге мүмкіндік беру мақсатында әзірленді.

«E-salyq Azamat» мобильді қосымша мәзірінде бірқатар электрондық сервистер бар:

  • Электрондық салық әмияны;
  • Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы сервис (берешекті бір мезгілде төлеу мүмкіндігімен берешекті тексеру);
  • Жеке тұлғаның және жеке кәсіпкердің алдағы төлемдері бойынша сервисі (салықтар бойынша болашақ төлемдерді тексеру);
  • Калькулятор (көлікке салынатын салық, ЖТС және өсімпұлды есептеу);
  • БЖТ төлемі;
  • Салық төлеушілерді іздеу (салық есебінің бар болуын тексеру);
  • Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу (сіз кез-келген азаматтық-құқықтық келісім-шарт жасау кезінде контрагенттің мәртебесін алдын-ала анықтай аласыз);
  • Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы және салық есептілігін кері қайтарып алу туралы мәліметтер;
  • Анықтамалықтар;
  • Шағымдардың электрондық кітабы;
  • Жиі қойылатын сұрақтар.

Сервис азаматтарға дайын деректемелер бойынша төлем жүргізу мүмкіндігімен бір мезгілде оны төлеу мерзімі басталғанға дейін алдағы салық сомасын білуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, мүлікке, жерге және көлік құралына қолда бар салық салу объектілері бойынша онлайн толықтыруларды, автоматты есептеуді және қарауды жүргізуге болады.

"E-salyq Azamat" көмегімен тапсыруға болады:

  • Активтер мен міндеттемелер туралы декларация – 250.00 нысан;
  • Кірістер мен мүлік туралы декларация – 270.00 нысан;
  • Жеке табыс салығы бойынша декларация – 240.00 нысан;
  • Жер салығы және мүлік салығы бойынша декларация – 700.00 нысан.

Мобильді қосымшаны мына қосымшалардан тегін жүктеп алуға болады:

Байланыс нөмірлері:

8 (7212) 41-08-12

8 (7212) 41-16-18 

Қарағанды облысы бойынша МКД аккаунттары:

Facebook

https://www.facebook.com/DGD3001 

Instagram https://www.instagram.com/karaganda_mkd/ 

Twitter

https://twitter.com/@2017DGD 

Telegram арнасы

https://t.me/dgdkaraganda

You Tube ДГД Караганда

Байланысорталығы

1414