
«Құқық кабинетін» құру туралы хабарландыру
2023 жылғы 13 желтоқсандағы №899 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген «2024–2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмысы жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес, «Қаратомар ауылдық округі әкімі аппараты» ММ ғимаратында «Құқық кабинеті» орналасқан.
«Құқық кабинетінде» қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысқысы келетін азаматтар үшін интернет желісіне қосылған компьютер бар.
«Құқық кабинетіне» қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, сіз мына телефон нөміріне хабарласа аласыз: 87214939354.