Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райы өзгерістерін бақылап, сақ болуға шақырады. Желдің күшеюі кезінде тұрғындарға келесі қауіпсіздік шараларын қабылдау қажет: ‼️электр желісін шамадан тыс артық жүктемеңіздер; ‼️мүмкіндігінше далаға шықпай, ғимарат ішінде болыңыздар; ‼️балаларды ерекше бақылауға алып, оларды қараусыз қалдырмаңыздар; ‼️егер далада қатты желге тап болсаңыз, жақын маңдағы подъезде немесе дүкенді паналаңыздар; ‼️қатты жел кезінде үйлердің қабырғаларының жанына жақындауға болмайды, себебі шатырдан шифер және басқа да төбе материалдары құлауы мүмкін; ‼️қоғамдық көлік аялдамаларында, жарнама тақталарының астында, ағаштардың астында, аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды; ‼️қатты жел кезінде электр желілері астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау өлімге әкелуі мүмкін; ‼️жеке көлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады; ✅ Сақ болыңыздар және құтқару қызметінің бірегей телефоны – «112»-ні ұмытпаңыздар.