Меню
Пресс центр
Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін қатерді болғызбау мақсатында кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі мемлекет тарапынан міндетті бақылауға және қадағалауға жатады. Өз кезегінде, кәсіпкерлердің құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен (бұдан әрі-Кодекс) реттеледі. Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың міндеттері: құқық бұзушылықтардың, зиян (нұқсан) келтірудің профилактикасын қамтамасыз ету, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың адал субъектілерін ынталандыру, анықталған құқық бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау болып табылады. Мемлекеттік қадағалаудың мемлекеттік бақылаудан айырмашылығы, оны жүзеге асыру барысында жедел ден қою шараларын қолдану құқығы қарастырылған. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, қоғамдық қауiптi салдарлардың туындауын болғызбау мақсатында бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша қолданылатын ықпал ету тәсiлдерi жедел ден қою шаралары болып табылады. Кодекстің 137-бабында бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне бақылау нысандары бекітілген: 1) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын, алдын алу-профилактикалық сипаттағы профилактикалық бақылау; 2) ұйымдастыру және жүргізу тәртібі осы Кодексте, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда – Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын тексерулер; 3) тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырылады. Бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады: жоғары тәуекел, орташа тәуекел және төмен тәуекел. Қызмет салаларына, бағалау критерийлеріне және тәуекелдер дәрежесінің түріне байланысты тексерулер жүргізу жиілігі айқындалады. Тексеру парақтарында белгіленген талаптар ғана тексеруге және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауға жатады. Кодекстің 144-бабының 2-тармағына сәйкес тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі автоматты режимде қалыптастырған график талаптарға сәйкестік тұрғысынан тексеру тағайындауға негіз болып табылады. Негізінен бақылау және қадағалау органдары заңнаманың талаптарын бұзу бойынша жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштеріне байланысты жоспардан тыс тексерулер жүргізеді. Кодекстің 144-бабының 4-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында, нақты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады. Жоғарыда атап өтілгендей, бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексерудің негізі сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары болып табылады. Сонымен қатар, жоспардан тыс тексеру прокуратура органдарының тапсырмалары, мемлекеттік органдардың жолданымдары бойынша, нұсқамалардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалады. Жоспардан тыс тексеру негіздерінің толық тізбесі Кодекстің 144-бабының 5-тармағында бекітілген. Бақылау және қадағалау органының бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы міндетті түрде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелетін (мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын қарсы тексерулерді қоспағанда) актісі негізінде бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізіледі. Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектілері бойынша өзгешеленеді. Сондай-ақ, Кодекстің 13-тарауында бақылау мен қадағалау жүргізу кезіндегі шектеулер, бұзушылық фактілері бойынша қабылданатын шаралар, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарының және тексерілетін субъектілердің құқықтары мен міндеттері, тексерулердің жарамсыздығының негіздері және басқа да мәселелер реттелетінін атап өткен жөн. Кодекстің 157-бабында бақылау мен қадағалау субъектісі құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда бақылау және қадағалау органдары мен олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану құқығы көзделген. Аудан прокуратурасы жанында мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз тексерулер және құқықтар мен заңды мүдделерді бұзу фактілері бойынша әрбір кәсіпкер жүгіне алатын бизнес құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ жұмыс істейтінің естеріңізге сала кетеміз (Қарағанды қ., Архитектурная көшесі 15/1, 8-7212-78-08-68, 8-707-989-28-59). Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Т.А. ВалиеваНаправления
Полезные ссылки
Документы
Вакансии
Календарь событий
Слайды
Страницы
Реализуемые проекты
Социальные медиа
Меню подвал