«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында байқау өтеді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында байқау өтеді

📢Құрметті Әлихан Бөкейхан ауданының тұрғындары!

🔰«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің аппараты 2024 жылдың 16 сәуірі мен 16 мамыры аралығында «Үздік аула», «Үздік аула тазартушысы», «Үздік кіреберісі», «Үздік қызмет көрсету ұйымы», номинациялары бойынша БАЙҚАУ өтеді.

🌳Байқау тұрғындардың аудан аумағын күтіп ұстау, абаттандыру және көгалдандыруды жақсарту жөніндегі бастамаларын дамытуға бағытталған.

✅Конкурсқа мүлік иелері бірлестіктерінің тазалаушылары, сондай-ақ көп пәтерлі үйлердің ортақ мүлкін күтіп ұстау бойынша қызметтер көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.

❗️Қатысу үшін INSTAGRAM әлеуметтік желісіне фото немсе бейнеролик жүктеп, аудан акімдігінің парақшасын белгілеп #ТАЗААУДАНҚАРАҒАНДЫ#ӘЛИХАНБӨКЕЙХАНАУДАНЫ хештегін жазуларыңызға болады.