Заң бұзушылықты алдын алу керек!

Заң бұзушылықты алдын алу керек!

Ата-бабаларымыздан келе жатқан екі үлкен даудың бірі-ол ЖЕР ДАУЫ екені белгілі. Өкінішке орай жер  дауы көп жағыдайда жеке және заңды тұлғалардың жер заңнамасын сақтамағандығынан туыңдап жатады.  Қарағанды облысында жер дауына қатысты тұрғындардың арыз шағымдарын қарайтын, жер заңнамасының  орындалуына мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізетін бірден -бір мекеме-Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы.

Жергілікті жерлерде  жер дауын болдырмаудың бір жолы, заңбұзушылықтың алдын алу екендігін ескеріп, кезектен тыс тексерістерден бөлек, облыс бойынша арыз шағымдар көп түсетін қала, аудандарға профилактикалық бақылау мен қадағалауды, сонымен қатар  жерзаңнасына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алды. Осындай іс-шаралар Бұхар-Жырау, Ақтоғай аудандарында жүргізілді. Жүргізілген профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижесінде аудан және ауылдық әкімшілік  қызметкелерінің жер заңнамасын бұзғандары анықталып, жер заңнамасын бұзған лауазымды тұлғаларды тәртіптік жазаға тарту үшін аудан әкімдеріне мемлекттік инспекторлар тарапынан НҰСҚАМАЛАР берілді. Профилактикалық бақылау және қадағалау жұмыстары алдағы уақытта Ұлытау, Нұра аудандарында жалғасатын  болады.

(Фотода Ақтоғай ауданының әкімі және аппарат қызметкерлерінің қатысуымен орын алған заңбұзушылықтарды талқылау сәті)