ҮКІМЕТ АППАРАТЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ИНСПЕКТОРЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛІП КЕТТІ

ҮКІМЕТ АППАРАТЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ИНСПЕКТОРЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛІП КЕТТІ

Бүгін Үкімет Аппаратының өңірлік инспекторы Талғат Сапарғалиев жұмыс сапарымен Нұра ауданына келді. Сапар барысында аудан әкімімен бірге өңірдегі медициналық инфрақұрылымның жай-күйімен танысты.

Атап айтқанда, инспектор 2024 жылы пайдалануға берілген Байтуған ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункттің жұмысымен танысты. Сонымен қатар К.Мыңбаев және Қарой ауылдарындағы салынып жатқан медициналық пункттердің құрылыс барысы мен Тассуат ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылыс жұмыстары тексерілді.

Сапар қорытындысы бойынша Талғат Сапарғалиев аталған нысандардың денсаулық сақтау сапасын арттырудағы маңыздылығын атап өтіп, құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігін баса айтты.