ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Салтанатты іс-шаралар аясында аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Есжанов аудандық мәслихаттың төрағасы Қуаныш Жүнісбековпен бірге тыл еңбеккері Әбдіғаипова Нафисаның шаңырағына арнайы барып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде Нафиса Әбдіғаиповаға «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» атты бірыңғай мерейтойлық медаль табысталды.

Құттықтау барысында аудан басшылығы ардақты анаға шын жүректен ақжарма тілектерін арнап, зор денсаулық, амандық, отбасының бақ-берекесін тіледі. Сонымен қатар, гүл шоқтары мен азық-түлік себеті тарту етілді.

Мұндай кездесулер – аға буынға деген тағзым мен құрметтің айғағы. Ардагерлерге көрсетілген ілтипат – ұрпақ санасына елге, еңбекке деген сүйіспеншілікті сіңірудің жарқын жолы.