
Жиын барысында әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды аспектілер талқыланды. Өртке қарсы қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешектердің сапасы тексерілді.
Жиналыстың басты тақырыбы – жыл мезгілдеріне байланысты туындауы мүмкін төтенше жағдайларға дайындық шаралары болды. Жиынға қатысушылар су тасқыны, дала өрттері секілді қауіп-қатерлермен қатар, шомылу кезеңі мен қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерін егжей-тегжейлі қарастырды.
Жиналыс соңында жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, талқыланған шараларды іске асыру бойынша міндеттер жүктелді.