Нұра кентінің орталық бөлігінде орталықтандырылған жылумен қамту мәселесі бойынша жиналыс өтті

Нұра кентінің орталық бөлігінде орталықтандырылған жылумен қамту мәселесі бойынша жиналыс өтті

Бүгін Нұра ауданының әкімі Нұра кентінің орталық бөлігінде орналасқан бюджеттік мекемелер мен көпқабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылумен қамту мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Жиын барысында жылу жүйесіне қосылудың техникалық тұстары, инфрақұрылымды жаңғырту жоспарлары және қаржыландыру көздері талқыланды.

Экологиялық маңызына ерекше назар аударылды – орталық жылу жүйесіне көшу арқылы зиянды шығарындылар азайып, пеш жағу тәжірибесінен бас тартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қоршаған ортаны қорғауға оң әсер етеді.

Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігіне қатысты мәселелер қозғалды. Көпқабатты үйлерде орын алатын өрт жағдайлары көбінесе ақаулы немесе шамадан тыс қолданылған жылытқыш құрылғылардан туындайды. Орталықтандырылған жылыту – тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін маңызды шешім болмақ.

Аудан әкімі бұл жобаны елді мекеннің тұрақты әрі қауіпсіз дамуы үшін стратегиялық маңызы бар қадам ретінде атап өтті.