ҚР ҮКІМЕТІ АППАРАТЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ИНСПЕКТОРЫ НҰРА АУДАНЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

ҚР ҮКІМЕТІ АППАРАТЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ИНСПЕКТОРЫ НҰРА АУДАНЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

ҚР Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы Талғат Сапарғалиев жұмыс сапарымен Нұра ауданында болып қайтты. Ол Байтуған ауылындағы «Байтуған» шаруа қожалығының көктемгі дала жұмыстарының барысымен және Көбетей ауылындағы «Черниговское и К» ЖШС мен «Рамадан МФ» ЖШС-нің сүт-тауарлы фермасының іске қосылуға дайындығымен танысты.

Сапар барысында Талғат Сапарғалиев аудан басшылығымен және серіктестіктердің жетекшілерімен кездесті. Ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланып, сондай-ақ көктемгі дала жұмыстарының жүргізілу орындары мен сүт-тауарлы ферманың жабдықтары қаралды.

Еске салсақ, ағымдағы жылы ауданда 1100 басқа арналған сүт-тауарлы ферма іске қосылады. Кәсіпкерлер голштейн тұқымды сиырларды әкеледі. 60 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.