АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША "ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ" ӨТТІ

АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША "ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ" ӨТТІ

Бүгін Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқанов «AMANAT» партиясының Нұра аудандық филиалында азаматтарды қабылдады.

Қабылдауға келген тұрғындар өздерін алаңдатқан мәселелерді көтеріп, жергілікті атқарушы органдардан көмек сұрады.

Кездесу барысында кент ішіндегі заңсыз қоқыс орындары, тұрғын үймен қамту, жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Қабылдау барысында өзге де мәселелер талқыланып, нақты түсініктемелер берілді.

Аудан әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ, аудан әкімі әр апта сайын азаматтарды жеке мәселелері бойынша алдын-ала жазылу арқылы қабылдайтынын еске саламыз.

Қабылдауға 8 (721-44) 21-7-21 нөмірі бойынша жазылып, толығырақ ақпарат алуға болады.