
Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқанов ауданның еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастыруда.
Бүгін Ақмешіт ауылындағы «Альдеран» ЖШС-нің жұмысшыларымен кездесіп, олардың көкейлерінде жүрген сұрақтарды, туындаған мәселелерді және алдағы жұмысқа қатысты тілектерін тыңдады. Сонымен қатар, аудан басшысы серіктестіктің жұмыс барысымен де танысты. Кездесу барысында жұмысшылар өздерінің жұмыс жағдайлары, әлеуметтік мәселелер және өндірістік процесті жетілдіруге қатысты ойларымен бөлісті. Әкім тарапынан көтерілген мәселелер бойынша жауаптар беріліп, тиісті шаралар қабылданатыны жеткізілді.
Сонымен қатар, аудан басшысы «Тассуат-Агро» ЖШС-нің еңбек ұжымымен де кездесті. Кездесу барысында қызу әңгіме өрбіп, жұмысшылар өздерінің ұсыныстарын білдірді. «Тассуат-Агро» ұжымы ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер, өндірісті дамыту жолдары және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы туралы ойларын ортаға салды. Аудан әкімі әрбір ұсынысты мұқият тыңдап, оларды қарастыруға және мүмкіндігінше қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Мұндай кездесулер аудан әкімдігі мен еңбек ұжымдары арасындағы тікелей байланысты нығайтуға, туындаған мәселелерді жедел шешуге және өзара түсіністікті арттыруға ықпал етеді. Аудан басшысы алдағы уақытта да еңбек ұжымдарымен кездесулерді жүйелі түрде өткізбек.