НҰРА АУДАНЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

НҰРА АУДАНЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Нұра ауданы әкімінің өкімімен және конкурс комиссиясының шешімі бойынша Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы лауазымына Құсаинова Айнаш Жақсылыққызы тағайындалды.

Айнаш Жақсылыққызы 1970 жылдың 17 маусымда Нұра ауданы, 1 Май ауылында дүниеге келген. Тұрмыста, екі бала тәрбиелеп отыр.

Білімі жоғары. 1991 жылы Целиноград қаржы-экономикалық техникумын «Бюджетті есеп» мамандығы, 2012 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Нұра ауданының мемлекеттік сақтандыру инспекциясының машинист-хатшысы болып бастаған. Әр жылдары Нұра ауданының қаржы саласында жұмыс атқарған.

Тағайындалғанға дейін Айнаш Жақсылыққызы Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы қызметін атқарды.