НҰРА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

НҰРА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Нұра ауданы әкімінің өкімімен және конкурс комиссиясының шешімі бойынша Нұра ауданы әкімінің орынбасары лауазымына Теміров Қуаныш Мерекеұлы тағайындалды. Жаңа орынбасар жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларына жетекшілік ететін болады.

Қуаныш Мерекеұлы 1978 жылдың 20 желтоқсанда Нұра ауданы, Нұра кентінде дүниеге келген. Үйленген, бес бала тәрбиелеп отыр.

Білімі жоғары. 1999 жылы Д.А.Қонаев атындағы гуманитарлық университетін «Заңгер» мамандығы, 2014 жылы Тараз техникалық институтын «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы «Караганда ПАУЭР» ЖШС – нің кеңесші заңгері болып бастаған.

Әр жылдары Қуаныш Мерекеұлы ҚР ІІБ-да қызмет атқарды, Нұра ауданының Байтуған ауылының әкімі, ҚР Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Нұра-Сарысу экология департаменті, бас маман – Нұра ауданы бойынша өкілетті мемлекеттік экология инспекторы болып жұмыс істеді.

Тағайындалғанға дейін Қуаныш Мерекеұлы Нұра ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметін атқарды.