ЕГІНДІ АУЫЛЫНДА АЛҒАШ РЕТ ӘКІМ САЙЛАУЫ ӨТТІ

ЕГІНДІ АУЫЛЫНДА АЛҒАШ РЕТ ӘКІМ САЙЛАУЫ ӨТТІ

Аудан әкімі Бақытжан Мұқанов Егінді ауылына барып, ауыл тұрғындарына сайлау қорытындыларына сәйкес ауыл әкімін таныстырды.

Сайлау қорытындысы бойынша Егінді ауылының әкімі болып Мұрат Бейсекейұлы Бастенов сайланды. Мұрат Бейсекейұлы 1968-ші жылы туған. Білімі жоғары – агроном. Еңбек жолын 1985-ші жылы нан пісіру кәсіпорнының жұмысшысы болып бастаған. 2000-шы жылдан 2017-ші жылға дейін «Бастенов» шаруа қожалығының басшысы болып жұмыс атқарды. 2017-ші жылдан бастап Егінді ауылының әкімі қызметін атқаруда.

Аудан басшысы бүгінгі өткізіліп жатқан кездесу – ауыл тұрғындарының ерік-жігерлерінің жемісі, берген дауыстары арқылы ауылдың дамуына үлес қосатын адамды сайлағандарын айтты.

Сондай-ақ, сөз соңында Мұрат Бейсекейұлын тәжірибелі маман екенін атап өтіп, күш-жігерін ауылдың сұрақтарын шешуге аянбай жұмсайтынына сенімін білдірді.

Ауыл тұрғындары жаңадан сайланған әкімге лауазымда табыс, жұмыстарына сәттілік тілеп, алдағы уақытта ауылдың дамуы үшін белсенді жұмыс жасайтынына үміт артты.