НҰРА АУДАНЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ БАҚЫЛАУДА

НҰРА АУДАНЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ БАҚЫЛАУДА

Бүгін аудан әкімі Бақытжан Мұқановтың басшылығымен аудан аумағындағы құрылыс нысандарында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды талқылауға арналған жиналыс өтті. Кездесуге мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиын барысында әрбір құрылыс нысаны бойынша жоспарланған жұмыстардың кезеңдері, мерзімдері және сапасы сынды маңызды мәселелер жан-жақты қарастырылды. Аудан басшысы мердігерлерге құрылыс жұмыстарын белгіленген уақытта және жоғары сапамен аяқтаудың маңыздылығын ескертті. Сондай-ақ, жұмыс барысында туындауы мүмкін қиындықтарды бірлесе шешудің қажеттігі атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша, алдағы күндері аудан әкімі мен мердігер ұйымдардың өкілдері бірге құрылыс нысандарын аралап, жұмыстардың нақты барысымен танысуды жоспарлады. Бұл шара жұмыс процесін жеке бақылауға алуға және ықтимал кешігулердің алдын алуға мүмкіндік береді.