АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындардың бірқатар өзекті мәселелері көтерілді. Атап айтқанда, тұрғын үй кезегі, жер мәселесі, қоқыс шығару және ауданда картинг ашу мәселелері талқыланды.

Аудан әкімі көтерілген мәселелерді мұқият тыңдап, тиісті бөлім басшыларына оларды жедел түрде шешуді тапсырды. Сондай-ақ, аталған сұрақтар хаттамаға енгізіліп, бақылауда болатынын атап өтті.

Әр апта сайын аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша алдын-ала жазылу арқылы қабылдайтынын еске саламыз.

Қабылдауға 8 (721-44) 21-7-21 нөмірі бойынша жазылып, толығырақ ақпарат алуға болады.