
Бүгін аудан әкімдігінің ғимаратында кезекті аппараттық жиналыс өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
Аудан басшысы аудандағы «Таза Қазақстан» акциясы аясында жұмыстарды белсенді түрде жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, елді мекендердің тазалығын сақтау мақсатында жеке кәсіпкерлік иелері, барлық мекеме қызметкерлерін тартуды жүктеді.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» жобасы бойынша телеграм-бот іске қосылды. Енді тұрғындар экологиялық мәселелер бойынша тікелей құзырлы органдарға сұрау жіберіп, тұрғылықты жерлерінің таза ұсталуына өз үлесін қоса алатын болады.
Аудан бойынша су тасқыны қауіпі төмендеп, аймақтарды тазарту, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру тапсырылды.
Сондай-ақ, ауданда іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың барысы талқыланды. Жобалардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар қаралды. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар талқыланып, бағаның өсуіне жол бермеу және тұрғындарды қажетті тауарлармен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Аудан әкімі барлық салалар бойынша жұмыстарды жандандыруды және жоспарланған шараларды уақытылы орындауды тапсырды.