
Бүгін аудан әкімдігінің ғимаратында аудандық құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
Отырысқа аудандық полиция бөлімінің, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және басқа да салалардың өкілдері қатысты.
Отырыс барысында ауданның полиция, білім бөлімдері мен ауыл әкімдерінің есептері тыңдалып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, интернет-алаяқтықпен күрес және заманауи технологияларды қолдану мәселелері бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Талқылау барысында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланды, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттер белгіленді.
Аудан әкімі Бақытжан Мұқанов аудандағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру және тиімді шараларды қолдануды тапсырды.