Бүгін аудан әкімдігінің ғимаратында кезекті аппараттық жиналыс өтті.
Жиналыстың күн тәртібі бойынша төтенше жағдайлар, ішкі саясат, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімдері мен Нұра кентінің әкімдігі өз салалары шеңберінде есеп берді.
Аудан әкімі Бақытжан Мұқанов қазіргі уақытта өзекті тұрған мәселелер: елді мекендер ішінен қарды шығару жұмыстары, жолдарды және тротуарларды қардан тазарту бойынша жұмыстарды күшейту бойынша тапсырмалар берді.
Кент және ауылдар әкімдеріне елді мекен ішінде қаңғыбас иттермен күресу мақсатында ветеринарлық станциямен біріккен жұмыстар жүргізуін тапсырды.
Сонымен қатар, аудандағы әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағаларының тұрақтылығын қадағалау бойынша тапсырма жүктелді.