НҰРА АУДАНЫНДА ЖАППАЙ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

НҰРА АУДАНЫНДА ЖАППАЙ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ауданымызда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Жасыл аймақ» апталығы өткізілуде.

Жалпы ауданымыз бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық ақциясы аясында біраз шаралар ұйымдастырылып, аталмыш іске жастарды жұмылдыру арқылы ауқымды жұмыстардың нәтижесі көрінуде.

Акция аясында ауданымызда 4 мың түп тал отырғызу жоспарланған болатын. Алайда алғаш рет бұл көрсеткішті 10 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

25 сәуір күні аудан бойынша 1154 түп ағаш көшеттері, сонымен қатар 185 түп бұталар отырғызылды. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Жасыл Аймақ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны тарапының қолдауымен жеткізілді. Олардың ішінде тал, алма ағашының, мойыл, ырғай, қарағаш және т. б. ағаштардың бірнеше түрі бар.

Акцияға аудан әкімі Бақытжан Мұқанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зарлық Мақсұтұлы, волонтерлар және мекеме, бөлім қызметкерлері қатысты. Ақцияға атсалысқан нұралықтарға аудан кәсіпкерлерінің демеушілігі есебінен ыстық шай мен тәтті тоқаштар таратылды.

Айта кетейік, бүгінгі ұйымдастырылған іс-шараға 300-ге тарта адам, 20 арнайы техника жұмылдырылды.

Шара барысында:

- «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына саналы және азаматтық жауапкершілігі жоғары барлық аудан тұрғындары жұмылдырылды. Мұндай іс-шаралар барлық қазақстандықтардың тазалық пен тәртіпті сақтау әдеттерін қалыптастыратынына, Отанға деген сүйіспеншілікті білдіретін асыл істердің бірі. Ағаш отырғызу - бұл жер бетінде өз ізіңді қалдыру деп білемін», -деген аудан басшысы Бақытжан Мұқанов шара соңында барлық қатысушыларға алғысын білдірді.