Әлеуметтік мәселелер бойынша жиналыс өткізілді

Әлеуметтік мәселелер бойынша жиналыс өткізілді

🔺Бүгін ZOOM-конференция арқылы Нұра ауданы әкімінің орынбасары С. А. Мұқанова Нұра аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы А. Н. Фахрисламовтың, аудандық аурухана директоры У. С. Мазитовтың, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д. с. Ермекованың, білім бөлімінің басшысы А. М. Есмағанбетовтың, Мансап орталығының бөлім басшысы Мұсабаеваның және Нұра ауданының кенттері мен ауылдарының әкімдерінің қатысуымен жиналыс өткізді.

Жиналыс барысында аудан тұрғындарының иммунопрофилактикасы (вакцинация), ауданда туберкулезбен сырқаттану, отбасының цифрлық картасы бойынша жұмыс , оның ішінде МӘМС мәселелері қаралды .

Аудан аумағындағы ауылдар мен кенттер арасында "Ауылым - алтын бесігім" тарихи мұраны сақтау саласындағы жұмысты ұйымдастыру бойынша конкурстың басталғаны жарияланды.

Жиналыс қорытындысы бойынша мүдделі органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берілді.