Құрметті ұстаздар, қызметкерлер және білім беру саласының ардагерлері!

Құрметті ұстаздар, қызметкерлер және білім беру саласының ардагерлері!


Құрметті ұстаздар, қызметкерлер және
білім беру саласының ардагерлері!

Қазан айының бірінші жексенбісінде біз өмірімізге бағыт-бағдар беріп, білім нәрімен су¬сындатқан аяулы ұстаздарымыздың кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күнін атап өтеміз.
Бүгінгі күні ұстаздар қауымының білім беріп қана қоймай, сонымен қатар, жас ұрпаққа адалдық пен адамгершіліктің, мейірімділік пен патриотизм¬нің үлгісін көрсетуі аса маңыз¬ды.
Білім ордаларының қазіргі заманның талабына ойдағыдай жауап бере алуы сіздердің қажыр-қайраттарыңыз бен кә¬сіби шеберліктеріңізге тікелей байланысты.
Біз сіздерге өз істеріңізге танытқан адалдықтарыңыз бен балаларымызға білім нұрын сеуіп, олардың еліміздің атпал азаматтары болып қалыптасуына үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
Құрметті ұстаздар! Айтулы мереке қарсаңында тынымсыз еңбектеріңіз үшін Сіз¬дерге жүрекжарды ризашы¬лығымды білдіреміз. Сіздер тәрбиелеген түлектер еліміздің дамуына үлес қоса¬тын мейірімді және адал, дарынды да парасатты ел азаматтарына айналсын. Біз барлықтарыңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, сіздерге денсаулық пен шығармашылық табыс, кә¬сіби өрлеу тілейміз!

Нұра ауданының әкімі Б. Мұқанов
Аудандық мәслихат хатшысы Т.Оспанов