«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Цифрландыру мәселелері және перспективалары»

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді  Цифрландыру мәселелері және перспективалары»

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер  басқармасының бас маманы
С. Амангельдинованың мақаласы

              

                                

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді

Цифрландыру мәселелері және перспективалары»

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру (автоматтандыру) бүгінгі таңда бұрыннан бетер өзекті болып отыр. Оның бірден-бір себебі, әлемді жайпаған пандемия, коронавирус инфекциясы десек қателеспейміз.

Қазіргі кезде орын алған эпидемиологиялық ахуал, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы ғана емес, бүкіл мемлекеттік басқару жүйесі, барлық экономика салаларындағы артықшылықтар мен кемшіліктерді ашып көрсетті. Бұны қиыншылық емес, бұл бізге берілген мүмкіндіктер деп қабылдаған дұрыс.

Халық  денсаулығын сақтау бірінші кезекті мәселе болып отырғанда, мемлекеттік қызметтерді онлайн алу, оларды цифрландыру, КВИ  жұқтырмау және одан әрі таралмауына әсері ерекше. Себебі, халық, мемлекеттік қызметті тұтынушы, үйде отырып-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарды, ХҚКО араламай, кезекте тұрмай мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндікке ие болады. Бұл оқшауланудың көрсеткішін біршама оң нәтижеге көтереді.

Екіншіден, бұрыннан белгілі, мемлекеттік аппарат мемлекеттік қызметтерді «дәстүрлі» түрде көрсету кезінде қыруар қаржы жұмсайды. Қарапайым кеңсе тауарларынан бастап, қызметкерлердің жалақысын қоса алғанда.

Ал мемлекеттік қызметтерді цифрландыру (автоматтандыру) бағытына қазір қаражат жұмсалғанымен, ол жақын болашақта өзін-өзі артығымен ақтайды. Қазіргі заманда талап пен сұраныс , жаңа технологияларға деген қажеттілігін бұрыннан бетер артып келеді. Сонымен қатар, өзгерістердің жылдамдығы көзге ілеспейді деген артық айтқандық емес. Сол себепті, «Заманың түлкі болса, тазы болып шал» деген дана халқымыз айтпақшы, көшке біз де ілесіп, артта қалмаудың қамын ойлап келеміз. Бұл ретте, мемлекет тарапынан мемлекеттік қызметтер саласын, жалпы барлық саланы цифрландыру мақсатында «Цифлық Қазақстан» бағдарламасы дер кезінде қабылданды. Қазірдің өзінде мемелекеттік қызметтердің 90 %-дан астамы автоматтандырылды.

Дегенмен, осы бағыттағы жұмысты жеделдету қажеттілігі баршамызға мәлім.

Бұл ретте, тек мемлекетке салмақ салудан арылып, бұл іске басқа да институттарды тартқан (коммерциялық ұйымдар, қаржылық ұйымдар, бизнес т.б.)  жөн.

Атап айтқанда, Kaspi.kz, Halyk қаржылық ұйымдарының халыққа өз қызмет түрлерін мейлінше оңай, тиімді саналы көрсетуі ешкімде күмән тудырмайды.

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру үшін де осындай институттарды барынша пайдалануға болады.

Бүгінгі күні, Kaspi.kz пен ЦДМИАОМ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе отырып жеке кәсіпкерді тіркеу, автомобильдерді тіркеу сияқты мемлекеттік қызметтерді сәтті Kaspi мобильдік қосымшасында іске қосты.

Мен, бұл «бірінші және соңғы жоба» емес екендігіне үлкен сенім білдіремін. Осы тәрізді жобаларды үкіметтік емес ұйымдар мен институттамалар бірге жүзеге асыру, бір жағынан мемлекеттік бюджетке де салмақты анағұрлым азайтады.

Барынша электрондық түрде қызмет көрсетілсе, соншалықты ашықтық, айқындық, тазалық қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ халықпен кері байланыс орнату, халық үніне құлақ асатын мемлекеттік басқару жүйесі жетіле түседі.

Бұл мәселеге біздің Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевта әрқашан көңіл бөліп келеді. Оның дәлелі, жыл сайынғы жолдауында мемлекеттік қызметтер мәселелері ерекше орын алады, аталып өтеді.

Менің ойымша, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, барлық қоғам өкілдері бұл мәселеде бастамашылдық танытып, өз ұсыныстарын жолдау қажет.