АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

Аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындарды толғандырған бірқатар өзекті мәселелерді қарады.

Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қатысты мәселелерді көтеріп, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйі, коммуналдық қызметтердің сапасы және елді мекендерді абаттандыру жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.

Сонымен қатар облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу, жол инфрақұрылымын жақсарту және жолдардың сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Азаматтар көтерген барлық ұсыныстар мен өтініштер мұқият тыңдалып, оларды қолданыстағы заңнама аясында шешу жолдары қарастырылды.

Қабылдау барысында кентті абаттандыру, қоғамдық кеңістіктерді көркейту, санитарлық тазалықты сақтау және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы ұсыныстар да назардан тыс қалған жоқ.

Бұдан бөлек, ауданның мәдени және ғылыми өміріне қатысты бастамалар, мерейтойлық іс-шараларды ұйымдастыру және оларды жоғары деңгейде өткізу мәселелері қозғалды. Бұл бағыттағы ұсыныстарды жан-жақты зерделеп, тиісті жұмыстарды үйлестіру қажеттігі атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты мемлекеттік мекемелердің басшыларына көтерілген мәселелер бойынша заңнама талаптарына сәйкес нақты тапсырмалар беріп, әрбір өтініштің жан-жақты қаралуын, белгіленген мерзімде орындалуын және нәтижесі бойынша азаматтарға кері байланыс берілуін тапсырды. Сондай-ақ жекелеген мәселелердің орындалуы жеке бақылауға алынатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдауды алдын ала жазылу бойынша әр аптаның сейсенбі күні тұрақты түрде өткізеді. Қабылдауға 8 (72144) 2-17-21 телефон нөмірі арқылы жазылуға болады.