
Нұра ауданында «Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға аудан әкімдігі, аудандық мәслихат, құқық қорғау органдары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жастар қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Жаңа Конституцияның қоғам өміріндегі маңызын, оның негізгі қағидаттарын, заң үстемдігін қамтамасыз етудегі және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлін кеңінен талқылау болды.
Іс-шара барысында Конституциялық реформалардың еліміздегі саяси жаңғыру үдерісіне қосқан үлесі, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, азаматтық қоғам институттарын дамыту, қоғамдық келісімді нығайту және халықтың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар қатысушылар заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, Халық кеңесінің мемлекет пен қоғам арасындағы тиімді байланыс алаңы ретіндегі рөлі, отбасы құндылықтарын сақтау және жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Кездесу барысында қатысушылар Конституция қағидаттарын күнделікті өмірде басшылыққа алудың маңыздылығын атап өтіп, заң үстемдігі мен азаматтық жауапкершілікті нығайту – Әділетті Қазақстанды қалыптастырудың басты негіздерінің бірі екенін жеткізді.
Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар елдің тұрақты дамуы, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті сақтау жолында Жаңа Конституцияның қағидаттарын іске асыруға бірлесіп атсалысудың маңыздылығын атап өтті.