КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИНАЛЫСТА АУДАННЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИНАЛЫСТА АУДАННЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін аудан әкімінің төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өтті. Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, инфрақұрылымды жетілдіруге, абаттандыру жұмыстарына, құрылыс және жөндеу жобаларының орындалуына, қоғамдық қауіпсіздік пен тұрғындарды сапалы қызметтермен қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер қаралды.

Жиналыс барысында жауапты мемлекеттік органдардың басшылары атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп беріп, жоспарланған іс-шаралардың орындалу барысы мен алдағы кезеңге арналған міндеттерді баяндады. Сонымен қатар ауданның ағымдағы жедел жағдайына қатысты ақпарат тыңдалып, бірқатар бағыт бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігі сараланды.

Аудан әкімі көтерілген мәселелердің әрқайсысына жеке тоқталып, жұмыстардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуының маңыздылығын атап өтті. Әсіресе тұрғындарды толғандыратын мәселелерді уақытылы шешу, әлеуметтік маңызы бар жобаларды бақылауда ұстау, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ жауапты мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін жеткізді.

Қорытындысында жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау міндеттелді.