БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Нұра ауданында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай аудан әкімінің қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында аудан әкімі Бақытжан Мұқанов ақпарат саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, журналистиканың қоғамдағы маңызды рөліне тоқталды. Ол бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты нығайтудағы, халыққа шынайы әрі жедел ақпарат жеткізудегі еңбегін ерекше атап өтті. Сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдениеті мен қоғамдық өмірін кеңінен насихаттап жүрген БАҚ өкілдеріне ризашылығын білдіріп, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тіледі.

Дөңгелек үстел барысында аудан әкімдігі мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, ақпараттық саясаттың өзекті мәселелері, өңірдің тыныс-тіршілігін жан-жақты жариялау, тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату бағытындағы ұсыныстар талқыланды. Қатысушылар пікір алмасып, саланы дамытуға қатысты өз ойларын ортаға салды.

Іс-шара аясында БАҚ саласының бірқатар өкілдері жоғары кәсібилігі, ауданның қоғамдық-саяси өміріне қосқан үлесі және журналистиканы дамытудағы жемісті еңбегі үшін марапатталды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хаты, Нұра ауданының Құрмет грамотасы және аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.