МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

2026 жылғы 23 маусым күні Мемлекеттік қызметші күніне орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті ұйымдастырған салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет саласында жоғары кәсібилік танытып, тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшілер марапатталды. Аталған салтанатты жиынға Нұра ауданынан екі мемлекеттік қызметші қатысып, лайықты марапаттарға ие болды.

Өңірлік «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының қорытындысы бойынша Нұра ауданы Егінді ауылы әкімдігі аппаратының бас маманы Дамишева Бағила Саламатқызы «Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші» номинациясы бойынша III орын алып, Дипломмен марапатталды.

Сонымен қатар, Нұра ауданы әкімдігі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі бас инспекторы Қалкен Серік Қайроллаұлы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

Марапат иелерін шын жүректен құттықтай отырып, олардың алдағы қызметтеріне толағай табыс, кәсіби жетістіктер мен жаңа белестер тілейміз. Мемлекеттік қызметтің мәртебесін арттыру жолындағы еңбектері әрдайым жоғары бағаланып, ел игілігі жолындағы қызметтері жемісті болсын!