Нұра ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Нұра ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

2026 жылғы 18 маусымда Нұра ауданының әкімі төрағалық еткен Нұра ауданы әкімдігі ғимаратында Нұра ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Отырысқа Ведомствоаралық комиссия мүшелері, Нұра ауданының Қоғамдық кеңесінің өкілдері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында күн тәртібіне енгізілген келесі мәселелер қаралды:

  1. *Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу:* кездесулер, дәрістер, рейдтік іс-шаралар өткізу.
  2. *Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды әлеуметтендіру.*
  3. *Интернет-алаяқтықтың алдын алу* (акциялар, семинарлар өткізу, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және жарияланымдар).

Қаралған әрбір мәселе бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары тыңдалып, жүргізіліп жатқан жұмыстар және қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелері профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған өзекті мәселелерді талқылап, жауапты басшыларға аталған бағыттар бойынша жұмысты одан әрі жетілдіру және тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.