
Бүгін аудан әкімдігінде кезекті аппараттық жиналыс өткізілді. Жиын барысында аудан аумағындағы өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер мен атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қаралды.
Күн тәртібінде ауданның жалпы оперативтік жағдайы, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарындағы жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мен мерзімі, құрылыс және жөндеу бағытындағы жобалардың іске асырылу барысы, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары, сондай-ақ ауданның санитарлық тазалығы мен абаттандыру жұмыстары талқыланды. Сонымен қатар инвестиция тарту, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен жанар-жағармай бағаларына мониторинг жүргізу, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыстардың сапасы да назарға алынды.
Жиналыс қорытындысы бойынша аудан әкімі тиісті салалық бөлімдер мен жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, әлеуметтік нысандардағы жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау, құрылыс нысандарының жүргізілуін қатаң бақылауға алу, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша профилактикалық шараларды күшейту, аудан аумағындағы санитарлық тазалықты тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.
Сондай-ақ инвестициялық жобаларды тарту жұмыстарын жандандыру, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, халықпен кері байланысты арттыру қажеттігі атап өтілді.