Қызмет алушылар күні өтті

Қызмет алушылар күні өтті

Тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін түсіндіру мақсатында аудан тұрғындары көп шоғырланатын Жастар алаңында «Қызмет алушылар күні» атты жәрмеңке ұйымдастырылды.

Іс-шараға Халыққа қызмет көрсету орталығы, Мансап орталығы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Экономика және қаржы бөлімі, Ауыл шаруашылығы бөлімі, Жер қатынастары бөлімі, Сәулет және қала құрылысы бөлімі, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Дене шынықтыру және спорт бөлімі, Мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бақылау жөніндегі бас инспектор қатысты.

Жәрмеңке барысында тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндіріліп, өзекті мәселелер бойынша кеңестер берілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар ұсынылды.

📍 Мұндай іс-шаралар тұрғындардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.