Нұра ауданындағы «Тәуелсіздік» саябағында Қарағанды облыстық бірінші лигада топ жарған «Нұра» футбол командасын және аудандық шағын футбол лигасының жеңімпаздары мен үздік ойыншыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Спорт мерекесіне аудан тұрғындары, спорт ардагерлері, жастар және жанкүйерлер қатысты. Шара барысында Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқанов спортшыларды жеңістерімен құттықтап, спорттың жастар тәрбиесіндегі маңыздылығына тоқталды.
Аудан әкімі өз сөзінде «Нұра» командасының жеңісі — қажырлы еңбек пен ауызбіршіліктің нәтижесі екенін атап өтіп, аудан спортын дамытуға үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс білдірді.
Салтанатты рәсімде Қарағанды облысы бойынша әуесқойлар арасындағы кіші футболдан І орын иеленген «Нұра» футбол командасы Нұра ауданы әкімінің Алғыс хатымен және 250 мың теңгелік сертификатпен марапатталды. Команда капитаны Абдығалиев Дәурен Дәулетұлы аудан тұрғындарына қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.
Сонымен қатар аудан спортының дамуына қолдау көрсетіп жүрген азаматтар марапатталды.
Шара барысында Нұра ауданы мемлекеттік мекемелері арасында өткен шағын футболдан аудандық лиганың «Күміс» және «Алтын» кубогінің жүлдегерлері анықталды.
«Күміс» кубогі бойынша:
* ІІІ орын — Б. Әбдікәрімов атындағы көпсалалы колледжі командасы;
* ІІ орын — Нұра ауданы Полиция бөлімі командасы;
* І орын — Нұра ауданының Орталық аурухана бөлімі командасы.
«Алтын» кубогі бойынша:
* ІІІ орын — «Юнайтед» жеке кәсіпкерлер командасы;
* ІІ орын — Нұра ауданының БЖСМ командасы;
* І орын — Нұра ауданының ұстаздар командасы.
Сондай-ақ турнирдің үздік ойыншылары арнайы номинациялармен марапатталды:
* «Үздік қақпашы» — Юнусов Акбар;
* «Үздік қорғаушы» — Ермек Айдын Мұқатайұлы;
* «Үздік бомбардир» — Тажин Әлімжан Думанұлы;
* «Үздік ойыншы» — Байталяқов Қозы Азаматұлы;
* «Үздік ойыншы» — Хавдай Бакытбек;
* «Үздік ойыншы» — Кенесов Қуаныш Талғатұлы;
* «Үздік ойыншы» — Шүкірбай Төлемұрат Әділбекұлы.
Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасып, жеңімпаздарға алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тіленді