НҰРА АУДАНЫНДА ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

НҰРА АУДАНЫНДА ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Нұра ауданында аудан әкімі Бақытжан Мұқановтың қатысуымен жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорын өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында аудан аумағындағы өндірістік жұмыстардың орындалу барысы, кәсіпорындардың ағымдағы қызметі және саладағы өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар өндіріс көлемі, жұмыс орындарын сақтау, еңбек қауіпсіздігі және кәсіпорындардың аудан экономикасына қосып отырған үлесі жөнінде айтылды.

Жиын барысында мемлекеттік органдар тарапынан салық салу мәселелері, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, статистикалық есептілікті дұрыс тапсыру тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті сала мамандарынан жауап алды.

Аудан әкімі Бақытжан Мұқанов өз сөзінде жер қойнауын пайдаланушылар мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар әлеуметтік әріптестік аясындағы жұмыстарға ерекше назар аударып, кәсіпорындардың ауданның әлеуметтік дамуына, инфрақұрылымды жақсартуға, қайырымдылық және демеушілік жобаларға белсенді қатысуының маңызын жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген мәселелер назарға алынып, бірқатар бағыттар бойынша тиісті тапсырмалар берілді.