АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Аудан әкімдігінің ғимаратында аудан әкімі Бақытжан Мұқановтың төрағалығымен азаматтарды жеке қабылдау өтті.

Қабылдау барысында тұрғындар жер қатынастары, тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу мәселелері бойынша өз сұрақтарын қойды. Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, бірқатар мәселелер бойынша сол жерде түсіндірмелер берілді, ал жекелеген өтініштер жұмысқа алынды.

Қабылдау қорытындысы бойынша аудан әкімі тиісті бөлім басшыларына көтерілген мәселелерді жан-жақты қарастыруды, оларды уақтылы әрі сапалы шешуді, сондай-ақ өтініш иелерін қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етуді тапсырды. Жұмыстардың мерзімінде орындалуына және халықпен кері байланысты күшейтуге ерекше назар аударылды.

Қосымша зерделеуді қажет ететін бірқатар мәселелер аудан әкімінің жеке бақылауына алынды.

Естеріңізге сала кетейік, аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдауды әр аптаның сейсенбі күні алдын ала жазылу арқылы өткізеді. Қабылдауға жазылу үшін 8 (72144) 21721 телефоны арқылы хабарласуға болады.