КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Аудан әкімінің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Жиында ауданның ағымдағы жедел жағдайы қаралып, бірқатар маңызды мәселелер күн тәртібіне шығарылды.

Кеңес барысында мемлекеттік сатып алулардың орындалу барысы, 2026 жылдың І тоқсаны бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы акцияның жүзеге асырылуы, өрт қауіпті кезеңнің өтуі, инвестиция тарту жұмыстары, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына жүргізіліп жатқан мониторинг мәселелері қаралды.

Аудан әкімі мемлекеттік сатып алуларды уақытылы және сапалы жүргізудің маңыздылығын атап өтіп, жоспарларға өзгерістер енгізуді кешіктіретін әкімдіктерге бақылауды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді жақсарту, оның ішінде инвестиция көлемін арттыру және құрылыс қарқынын төмендетпеу бойынша нақты міндеттер жүктелді.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жандандыру, елді мекендердегі санитарлық тазалықты тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды. Өрт қауіпті кезеңге байланысты тиісті қызметтерге алдын алу шараларын күшейту, әсіресе жеке сектордағы құрғақ шөптерді жою бойынша рейдтік жұмыстарды жүйелі жүргізу міндеттелді.

Инвестиция тарту мәселесі бойынша аудан әкімі жаңа жобаларды іске асыруды жеделдетуді, инвесторлармен тығыз жұмыс жүргізуді және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға басымдық беруді тапсырды.

Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен жанар-жағармай бағаларына тұрақты мониторинг жүргізіп, негізсіз баға өсіміне жол бермеу қажеттігі атап өтілді. Ақпараттық жұмысты күшейтіп, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде атқарылып жатқан жұмыстарды кеңінен жариялау тапсырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі барлық жауапты бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне берілген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді қатаң бақылауға алуды жүктеді.